Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде мүгедектігі бар оқушыны тонап, есту үшін қолданатын планшетін тартып алған студент жазадан құтылып кетті

17:41, 13 желтоқсан 2025

Ақтөбеде мүгедектігі бар мектеп оқушысын тонады деп айыпталған 17 жастағы студент амнистияға ілігіп, жазадан босатылды. Бұл туралы Alash.kz порталы ktk.kz телеарнасына сілтеп хабарлайды.

Оқиға биылғы ақпан айында болған. 11 жастағы мектеп оқушысы сабақтан үйіне қайтып келе жатқан кезде, есту қабілеті бұзылғанына байланысты тілдесуге арналған планшетін жасөспірім тартып алған. Оқиға орнында оның тағы екі танысы болғанымен, олар тек куәгер ретінде танылған.

Сот айыпталушыны кінәлі деп танығанымен, амнистия туралы заңды қолдана отырып, оны сот залында босатты. 

Қазіргі уақытта жәбірленуші тарап сот шешіміне апелляциялық шағым дайындап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар