Ақтөбе облысы Алға ауданының Бесқоспа ауылында 22 жастағы келіншек өгей қайын атасынан «зорлық көрдім» деп шағым түсірді. Оқиға келін мен қайын атасы бірге тұратын үйде болған, деп жазды Alash.kz.
Orda.kz порталы ресми деректі ұсынған. Ақпаратқа сәйкес, шағым 29 қазан күні түскен. 22 жастағы келіншек оқиғаны полицияға өзі баяндаған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Полиция Алға ауданының 22 жастағы тұрғынын зорлау фактісі бойынша күдіктіні ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қылмыстық істі жан-жақты, әрі бейтарап тергеуге бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.