Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Stan.kz мәліметінше, қайғылы жағдай 2 қыркүйек күні түнде оқушылар арасындағы төбелес салдарынан болған.
Жан тапсырған оқушы қазан айында 15 жасқа толуы керек еді. Марқұмның туыстары тергеу амалдарының нәтижесін күтетінін айтты.
Темір ауданы әкімдігінің айтуынша, мән-жай тергеу кезінде анықталады. Ал Ақтөбе облыстық білім басқармасы оқыс оқиғадан кейін зерделеу жұмыстарының күшейгенін хабарлады.
Полиция дерегінше, ауыл мектебінің 18 оқушысынан жауап алынып, 2 адам күдікті ретінде қамалды. Аталған мәселеге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
t.me/stankznews