Қазақстан Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағының қара жәшіктерін Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберді, - деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
"Авиациялық оқиғаны тергеу Комиссиясы Бразилияға ұшып кетті. Борттық өздігінен жазғыштар Бразилияның авиациялық апаттарды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жеткізіледі", - деп хабарлады ведомство.
Министрліктің мәліметінше, CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар.