Ақтау қаласында жағалаудың ашық аумағында Жаңа жылды тойлау кезінде жасанды пальма өртенді, деп жазады Alash.KZ.
Оқыс оқиға 2025 жылдың алғашқы сағаттарында орын алды.
"Құтқарушылар оттың таралуына жол бермей, өртті шақыру түскен сәттен бастап 9 минут ішінде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген ресми хабарламада.