Алматы қаласында метрода құлап мерт болған жігіттің кім екені белгілі болды. Марқұм жайлы ақпарат айтылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
"Қазақ зағиптар қоғамы" метрода мертігіп қаза тапқан азамат жайлы дерек айтып, проблема көтерді. Олар метроның зағиптар үшін ыңғайсыз екенін айтты.
Метрода құлаған марқұм 26 жаста болған. Талғарлық Қанат Батқалғазы есімді азамат екені белгілі болды.
Қоғам өкілдерінің хабарлауынша, жасөспірім кезінде оның көру қабілеті тез нашарлай бастаған, оның үстіне бұл сырқаты тұқым қуалаған. Амал нешік, оған 5-тен астам ота жасалды, бірақ одан көру қабілеті жақсармағаны хабарланды.
"Қазақ зағиптар қоғамы” мүшелерінің айтуынша, Талғат өте еңбекқор болған, компьютеріне орнатылған дауыстық бағдарламаның көмегімен 18 жасынан бастап мемлекеттік сатып алуларға қатысқан. Ақша тауып, ата-әжесіне қамқор болды дейді. Медициналық колледжде массажист мамандығы бойынша оқыды. Зағиптар қоғамы соңғы уақытта самокаттардың шашылып жатқанына көптеген шағымдар болғанын айтады. Көру қабілеті нашар адамдар үнемі олардың үстінен құлап кетеді дейді. Көру қабілеті нашарлар арықтарға құлап кетіп жатады. Көптеген жерлерде тактильді жолдар жоқ. Бұл жолдар мүгедектерге жол көрсетеді. Таяқпен жүргенде кедергілер бар жерде жол көрсетіеді, – деді “Қазақ зағиптары қоғамы” Алматы қалалық филиалының төрайымыАлтынай Ибрагимова.