Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ақша қайда, нәтиже қайда?". Зайытов утильалымға қарсы петицияға қосылатынын ашық мәлімдеді

17:45, 05 маусым 2024 1067

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов шетелден кіргізілетін көліктер үшін төленуі тиіс утилизациялық алым мен бастапқы тіркеу құнына байланысты қарсы петицияға қосылатынын, "қит етсе халықты қинауға" тоқтам қойылу керек екендігін, утильалымның нәтижесі мен ақшасына қатысты асқан күмәнін айтып, өзінің ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов  позициясын білдірді. Бұл туралы qaz365.kz парақшасында хабарланды: 

«Мен қарсы петицияға қосылғанмын. Утильалымның нәтижесі қайда? Ақшасы қайда кетіп жатыр? Зауыттар қайда? Содан кейін оны қалай есептеп отыр? Неге біз қит етсе халықты қанай береміз? Ауыл шаруашылығы техникасына ең болмаса, рұқсат етсін деді ғой. Бұл ауыл шаруашылығы саласына да үлкен бөгет жасап отырған нәрсе ғой», - дейді ол.

Осылайша, депутат Ринат Зайытов ауыл шаруашылығының дамуына бөгесін болып отырған утильалымға жеке қарсылығын білдіре келіп,комитетте әріптесі Нартай Аралбайұлы екеуі аталмыш мәселемен айналысып жатқанын, қазір бұрынғыдай халықтың бетіне түкіріп қойып отыра беретін заман емес екенін баса айтты.

«Өзіміздің де кірген комиссиямыз көп болып тұр. 50 мың адам наразылғын басқаша білдірсе не істейміз? Қазір бұрынғыдай халықтың бетіне түкіріп қойып отыра беретін заман емес қой!? Олар (үкімет мүшелері) заң жүзінде осындай деп әңгіме айтар. Ал нәтиже қайда? Көрсетсінші, біз де келісейік», - дейді Зайытов.

Орайы келгенде айта кетейік, E-Petition.kz ресми порталында жарияланған қалдықтарды кәдеге жаратуға қатысты петицияны қарауға қажетті қол жиналды. Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінің  90-4-бабына сәйкес 50 000 қол жиналған петиция ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қарауына жолданды. Оның 40 жұмыс күніне дейінгі мерзім ішінде қаралатыны жазылған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар