Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«АҚШ-тың Украинаға саясаты мүлде өзгермейді»: Германия министрі күтпеген болжам айтты

13:08, 19 наурыз 2026

Германияның Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль Таяу Шығыстағы Иран мен Израиль арасындағы шиеленіске қарамастан, Вашингтонның Украинаға көмек көрсету саясаты өзгермейтінін мәлімдеді, деп жазады Alash.kz. 

Министрдің пайымдауы бойынша, Американың ішкі саяси ортасында Украинаны қолдау мәселесінде ортақ түсіністік қалыптасқан.

Германия СІМ басшысы қазіргі уақытта АҚШ тарапынан берілетін әскери көмек көлемінің біршама қысқарғанын жасырмады. Соған қарамастан, ол Берлиннің Киев алдындағы міндеттемелеріне адал болып қала беретінін нақтылады. Вадефуль соңғы жылдары Германияның Украинаға ең ірі демеуші мемлекеттердің біріне айналғанын және бұл бағыттың алдағы уақытта да сақталатынын ерекше атап өтті.

Министр АҚШ-тың алдағы қадамдарына қатысты өз сенімін келесідей жеткізді:

«Америка Құрама Штаттарының саяси ландшафтында Украинаны қолдаушылар өте көп. Сондықтан АҚШ түптің түбінде өз бағытын жалғастырып, Украинаға қолдау көрсететініне күмәнім жоқ».

Оның айтуынша, геосаяси жағдайлардың өзгеруі Вашингтонның негізгі стратегиялық басымдықтарына айтарлықтай әсер ете қоймайды.

Сонымен қатар Йоханн Вадефуль Еуропа елдерінің, соның ішінде Германияның рөліне тоқталып: «

Германия соңғы жылдары Украинаның ең ірі демеушісі болды. Бұл тұрғыда біз үшін ештеңе өзгермейді», — деп мәлімдеді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар