Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"АҚШ-қа қарсы жоспар құрып жатыр": Трамп Қытай мен Ресей президенттеріне шүйлікті

11:00, 03 қыркүйек 2025 463

АҚШ президенті Дональд Трамп 3 қыркүйекте Бейжіңде өткен әскери шеруге қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.kz.

Шеру басталған бойда ол Truth Social желісінде жазба жариялап, Ресей, Қытай және Солтүстік Кореяны Америкаға қарсы астыртын жоспар құруға дайындалып жатыр деп айыптады.

Трамп ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннен Екінші дүниежүзілік соғыстағы АҚШ-тың көмегін еске алуды күтетінін айтты.

"Басты назар аударатын мәселе – ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың аса жауыз шетелдік басқыншыдан азат болуына көмектесу үшін АҚШ-тың көрсеткен зор қолдауы мен төгілген "қанды" еске ала ма, жоқ па?.. Төраға Сиге және Қытай халқына мерекелік күннің тамаша әрі ұзақ болуын тілеймін", – деп жазды Трамп.

Саясаткер ирониямен Қытай басшысына Владимир Путин мен Ким Чен Ынға "жылы сәлемін" жеткізуді сұрап, "сіздер АҚШ-қа қарсы астыртын жоспар құрып жатырсыздар" деп қосты.

Айта кетейік, Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 80 жылдығына арналған бұл шараға Ресей мен Солтүстік Корея басшылары да қатысты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар