Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

АҚШ пен Украина қазба байлықтарға пайдалану жөніндегі келісімге қол қойды

17:54, 01 мамыр 2025 97

30 сәуір күні АҚШ пен Украина тараптары стратегиялық келісімге қол қойды, деп хабарлайды  ALASH.KZ.

Қос ел сирек кездесетін жер кенін өндіру және елді қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық қорды іске қосу туралы стратегиялық келісімге келді.

АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент өз сөзінде мұның бәріне Трамптың мұрындық болып, тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін қажырлы еңбек еткенін айтты.

АҚШ министрінің бағалауына қарағанда,  құжат мызғымас экономикалық серіктестіктің негізін құрып, қалпына келтіру қорын іске қосуға жол ашады.

Украина вице-премьері Юлия Свириденкон өз сөзінде инвестициялық қордың тең пайдаға асатынын жеткізді. Яғни, қор АҚШ пен Украина арасында тең құқықты негізде — 50/50 құрылатын болады, ал бірде-бір тарап басым дауысқа ие болуға құқылы болмайды.

Qaz.ulysmedia.kz порталы келісімнің негізгі шарттарын атады:

  • Украина өзінің жер қойнауына толық егемендік сақтайды — мемлекет қандай пайдалы қазбаларды және қай жерде өндіретінін өзі анықтайды.

  • Жер қойнауы Украина меншігінде қалады.

  • Құжат «Укрнафта» және «Энергоатом» сияқты маңызды активтердің шетелдік серіктестерге басқаруға берілуін қарастырмайды.

  • Келісімде Украина мен АҚШ арасындағы қарыздық міндеттемелер жоқ.

  • Құжат елдің евроинтеграциялық бағытын өзгертуге немесе жекешелендіру процестеріне әсер етпейді.

Келісімнің мақсаты тек АҚШ-тың маңызды минералды ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету емес, сонымен қатар жаһандық капитал тарту және заманауи технологияларды енгізу арқылы Украина экономикасын қалпына келтіруге серпін беру болып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар