Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақсайда балалар өрттен қашамыз деп төртінші қабаттағы терезеден секірген

Ақсайда балалар өрттен қашамыз деп төртінші қабаттағы терезеден секірген

Ақсай қаласында пәтерден өрт шығып, бірнеше адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды ALASH.kz тілшісі.

22 қарашада таңертең Ақсай қаласындағы 10-шағынауданда №19 үйде өрт шыққан. БҚО ТЖД мәліметінше, 4-қабаттағы пәтерде жиһаз бен жеке заттар жанып кеткен. Өрттің ауданы 60 шаршы метр болған. Құтқарушылар 12 адамды эвакуациялады, жетеуі - бала.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан жантүршігерлік кадрлар тарады. Видеода екі кішкентай бала төртінші қабаттың терезесінен секіргені көрінеді, ал төменде оларды адамдар қағып алған.

Екі бала да ауруханаға жеткізілді.

Өрт сағат 9:47-де ауыздықталды. Оқиғаның себептерін мамандар анықтайды. Ақсай қаласының әкімдігі жағдай бақылауда екенін және отбасына көмек көрсетілетінін хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар