Ақмола облысындағы ақ түтек боранда 40 автокөлік соқтығысты, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. Бұл ақпаратты өңірдің Полиция департаменті растады.
"Сағат 13:30-да Ақмола облысында Біржансал ауданының Қоғам ауылы мен Қаратал ауылы арасында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көру мүмкіндігінің шектелуі) бұрын 40-қа жуық көлік соқтығысқан. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы әзірге ақпарат жоқ. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады департамент.