Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Аңырап, жамандық шақырғанша, осылай шығарып салса күшті ғой”: желіде ұзатылған қыздың видеосы тарады (Видео)

12:04, 24 қазан 2024 1117
Видеодан қалыңдық сыңсу айтудың орнына “Әппақ келін” әніне билеп, қуанып, күліп ойнап ұзатылғанын көруге болады. Желі қолданушылар қазақт салт дәстүрінің мәні бұл емес, деп өзара пікірталасқан, деп жазады Alash.KZ.

Қыз қимастық сезімін көңілді әнмен басқан бұл әрекетіне түрлі пікірлер жазылған.
 
“Туыстары қалай жыларын білмей қалды”, “Ерсі”, “Сыңсу айту — қазақтың салты”, “Осындай қуанышпен кетіңдерші, қыздар”, “Негізі жылағысы келіп тұр”, “Музыкаға байланысты екен ғой, біз қайғылы өлеңмен, жылап ұзатылған едік”, “Ортаншы бала ғой деймін”, “Аңырап, жамандық шақырғанша, осылай шығарып салса күшті ғой”, “Ұзатып жатқан қыздың өзі шок қой”, “Жыласа да, күлсе де табалауға дайынбыз. Бастысы, бақытты болсын”, - деп жазды желідегі жұрт.
 

Көпшілік Гауһар Әлімбекованың орындауындағы “Әппақ келін” әнінің түрленген әуеніне де пікірлерін жазған.

“Өлең не болып кетті? Гауһар Әлімбекова естімесін”, “Маған осы ремикс керек”, “Жасы 30-дан асқандарды ұзататын музыка екен”, - деп жазды олар.
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар