Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Антикорға өткен іс уақытша тоқтап тұр” - Ақнәр Гүлстанның қазасына қатысты ешкім естімеген дерек шықты

11:07, 17 тамыз 2025 227

2024 жылдың шілде айында Алматы қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің 7-қабатынан құлап, көз жұмған 22 жастағы Ақнәр Гүлстан есімді бойжеткеннің ісіне қатысты жаңа дерек шықты, деп хабарлайды Alash.kz. 

Бұл оқиға қоғам назарын аударып, қыздың қазасына қатысты түрлі болжамдар айтылды. Марқұмның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) тергеушісіне берілген. Алайда Антикор Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылғаннан кейін тергеушілер қайта аккредитациядан өтуі қажет болғандықтан, іс уақытша тоқтап қалған.

Ақнәр Гүлстанның құқығын қорғап жүрген адвокат Инга Иманбай бұл жағдайға түсініктеме берді:

- “Іс жабылған жоқ. Материалдар Антикор тергеушісіне берілді. Қазір аккредитация процесі жүріп жатыр. Ол аяқталған соң тергеу белсенді түрде қайта жалғасады”, - деді адвокат.

Сонымен қатар, адвокаттың айтуынша, іс бойынша тергеуге тартылған қыздар қазір Алматы қаласында жүр. Олардан жауап алынған, қазір оларға елден шығуға уақытша тыйым салынған. Бұл тергеу барысын толық әрі объективті жүргізу үшін қабылданған шара екені хабарланды.

Қоғам арасында қыздың қазасы жайлы түрлі пікірлер тарап жатқанымен, ресми тергеу әлі аяқталған жоқ. Сараптамалар мен тергеу әрекеттері толық жүргізілгеннен кейін ғана істің нақты мән-жайы белгілі болмақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар