Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Роза Рымбаева Абай облысының құрметті азаматы атанды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Әншіге аталмыш атақ ел мәдениетін дамытуға, қазақ өнерін халықаралық деңгейде насихаттауға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев Роза Қуанышқызының отандық өнердің дамуына қосқан ерекше еңбегін атап өтіп, оның шығармашылығы өскелең ұрпаққа шабыт көзі екенін ерекше атап өтті.