Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әнші-композитор Марат Омаров неге әнін Нұрлан Өнербаевқа орындатқысы келмейді? (Видео)

15:17, 13 қараша 2025 559

"Анашым шалқып күлсе, алдымда ұзақ жүрсе..." деп ел аузында айтылатын әнді енді Нұрлан Өнербаев орындамайтын болды, депи жазады Alash.KZ.

Ол телеарналардың біріне берген сұхбатында бұған композитор Марат Омаровтың өтініші себеп болды деген болатын.

Халық белгілі әнді 37 жыл бойы әншінің репертуарынан естіп келген.

Алайда Омаров әннің авторы ретінде айтылмайтынына реніші бар екенін жасырмады.

«Көпшілік бұл әнді Нұрланның жеке әні деп ойлайды. Караокеде де солай жазылған. Әннің сөзін жазған Қайрат Жұмағалиевтің қызы да “әкемнің аты аталмайды” деп ренішін білдірді. Нұрланның дауысын сыйлаймын, бірақ авторды атау кішірейтпейді.
Мен оған тыйым салған жоқпын, тек «егер концерттерде авторды атамайтын болсаң, онда бұл әнді айтпағаның дұрыс» дедім. Халық «Анашым» әнін Нұрланның өзінікі деп ойлайды», – деді Марат Омаров Bugin Live бағдарламасында.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар