Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Анасы рұқсат берген бе: Өгей әкесі 14 жастағы қызға зорлық көрсеткен: (ВИДЕО)

15:30, 30 сәуір 2024 950

Шымкенттік келіншек өгей әкесіне қызын ұрып-соғуға рұқсат бергені үшін аналық құқығынан айырылды.

Жаңа күйеуінің өгей қызына қолданатын тым қатал тәрбие әдістерінің кесірінен Шымкент тұрғынының ата-аналық құқығы шектелген. Ол жасөспірімді белбеуімен ұрып, балағат сөздер айтқан, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Қаңтар айында 14 жастағы қыздың тәтесі әлеуметтік желіде жан түршігерлік видео жариялап, ер адамның мінез-құлқының нашарлығы туралы құқық қорғау органдарына шағымданған. Әйелдің айтуынша, оның жиені 2017 жылдан бері көмек сұрап, тіпті өгей әкесінен сексуалдық зорлық-зомбылық көргенін айтқан. Дегенмен, бұл туралы нақты дәлелдер әлі табылған жоқ.

Еске сала кетейік, кадрларда жартылай жалаңаш ер адам белбеуін бұлғап, балаларға балағат сөздер айтып жатыр. Осыдан кейін жасөспірім  кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді. Анасына қатысты азаматтық іс қозғалды.

Әзірге тек әйел жауапқа тартылды. Оның ата-аналық құқығы шектеліп, одан алимент өндірілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар