Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Америкалықтар жазға дейін тоқтатуды ұсынып отыр»: Зеленский тың мәлімдеме жасады

17:45, 08 ақпан 2026

Украина Президенті Владимир Зеленский Америка Құрама Штаттарының Киев пен Мәскеуге соғысты тоқтату туралы келісімге келу үшін маусым айына дейін мерзім белгілегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Мемлекет басшысының айтуынша, Дональд Трамп әкімшілігі қарулы қақтығысты осы жылдың жаз мезгілі басталғанға дейін тәмамдауды көздеп отыр.

Бұл мәселеге қатысты Владимир Зеленский: «Америкалықтар тараптарға соғысты осы жаздың басына дейін аяқтауды ұсынып отыр және, сірә, тараптарға дәл осы кестеге сәйкес қысым көрсететін болады», - деп нақты атап көрсетті.

Сонымен қатар АҚШ тарапы үшжақты келіссөздердің келесі кезеңін алдағы аптада өткізу туралы ұсыныс тастаған. Дипломатиялық кездесу бұрынғыдай Еуропада немесе Таяу Шығыста емес, алғаш рет Америка Құрама Штаттарының аумағында ұйымдастырылмақ. Украина Президенті келіссөздер жүргізу алаңы ретінде Маями қаласы таңдалғанын және Киев делегациясының аталған жиынға қатысуын ресми түрде растағанын жеткізді.

Бұл жаңа бастамалар Абу-Дабиде өткен, бірақ айтарлықтай нәтиже бермеген келіссөздерден кейін қолға алынуда. Қазіргі таңда Ресей Федерациясы Украина әскерінің Донбасс аумағынан толық шығарылуын талап етіп отыр, алайда Украина билігі мұндай шартты қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар