Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Америка Ираннан кейін бізге қарсы соғыс ашады". Ресей депутаты дабыл қағып, "аман қалу" жайын алаңдады

09:29, 14 наурыз 2026

Ресей Федерациясы Коммунистік партиясы жетекшісі Геннадий Зюганов АҚШ-тың келесі геосаяси нысанасы Ресей болуы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы Alash.kz  хабарлады.

Зюганов бұл пікірін Ресей Мемлекеттік думасында 11 наурыз күні сөйлеген сөзінде айтқан.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Иран қысымға ұшырап отыр, ал болашақта осындай жағдай Ресейге де төнуі мүмкін.

«Тірі қалу үшін күрес туралы айтсақ, қазір Иран күресіп жатыр. Келесі біз боламыз. Трамптың стратегиясына қараңыздар: бірінші орында – Қытай, екінші орында – біз, үшінші орында – Иран», – деді Зюганов.

Ол АҚШ-тың сыртқы саясатына сын айтып, әлемдегі геосаяси текетірестер күшейіп жатқанын атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар