Боксшы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің қызы Аққу Сәпиева спорттық-бал биінен өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Alash.kz.
15 жастағы Аққу 16–18 жас аралығындағы қыздар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Қуанышты жаңалықты Серік Сәпиев әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, қызын жеңісімен құттықтады.
«Алтын қызым, Аққу! Небәрі 15 жаста болсаң да, 16–18 жас аралығындағы қыздар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атандың! Сенімен шексіз мақтанамын, чемпион қызым! Алда сені тек алтын жүлделер күтіп тұрсын!» – деп жазды Серік Сәпиев.