Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елена Рыбакина Қытайда өткен турнирдің екі дүркін чемпионы атанды

17:08, 25 қазан 2026

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Ниньбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Alash.kz.

ҰОҚ мәліметінше, финалда отандасымыз әлемдік рейтингте 30-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеспен кездесті.

Елена Рыбакина қарсыласын екі сетте де 6:2 есебімен жеңіп, турнирдің бас жүлдесіне қол жеткізді.

Осылайша, қазақстандық теннисші 2025 жылы Ниньбода жеңіп алған чемпиондық атағын қорғап, рейтингтік қоржынына тағы 500 ұпай қосты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар