Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қуанышпен хабарлаймын... Атауын ауыстырамыз!»: Трамп әлем күтпеген шешім қабылдады

14:33, 26 қазан 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп географиялық атауларды өзгертуге бағытталған кезекті бастамасын жариялап, Атлант мұхитын «Американдық» мұхит деп кайта атау ниетін білдірді. Айова штатында өткен жақтастарымен кездесуде Ақ үй басшысы бұл шешімнің жуық арада іске асатынын жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.

Өз сөзінде АҚШ лидері қолдаушыларына тура былай деп мәлімдеді:

«Ханымдар мен мырзалар, дүйсенбі күні таңертең Атлант мұхитын Американдық мұхит деп қайта атайтынымызды қуанышпен хабарлаймын».

Егер бұл мәлімдеме ресми түрде рәсімделсе, ел басшысының картадағы атауларды жаңарту саясатының заңды жалғасы болмақ. Бұған дейін де ол ірі су нысандарының атауын өзгерту мәселесін бірнеше рет көтерген еді. Сондай-ақ Ақ үйге қайта оралғаннан кейін ол мемлекет аумағында Мексика шығанағының орнына «Американ шығанағы» атауын қолдану туралы арнайы тапсырма берген болатын.

Ал 2026 жылы Дональд Трамп Атлант және Тынық мұхиттарының атауын ауыстыру төңірегінде көпшілік алдында ашық ой толғады. Атап айтқанда, 21 қазанда Оңтүстік Каролинада сөйлеген сөзінде бұл бастаманы Google басшысы Сундар Пичаимен де талқылағанын айтып, ол кезде бұл идеядан бас тартуы мүмкін екенін де аңғартқан. Десе де, Айовада жасалған соңғы сөзі американдық лидердің бұл мәселедегі ұстанымы түбегейлі өзгергенін аңғартады.

Дегенмен АҚШ билігінің мұндай шешім қабылдауы бұл атаудың бүкіл әлемде автоматты түрде өзгеруін білдірмейді. Халықаралық ұйымдар мен өзге мемлекеттер АҚШ-тың бұл ішкі белгілеуіне өтуге міндетті емес.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар