Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың қола жүлдесі үшін Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Цао Лигомен жолықты.
ҰОҚ мәліметінше, тартысты өткен айқаста Айдос Сұлтанғали 5:1 есебімен жеңіске жетті.
Еске салсақ, Айдос Сұлтанғали былтыр Загребте өткен әлем чемпионатында алтын тұғырға көтерілген еді.
Осылайша ұлттық құрама қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Исхар Курбаев (55 келі) үшінші орын алған еді.