Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәслихат сайлауына түсетін кандидаттардың шығыны үшін қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды

16:18, 26 қазан 2026

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы шығындары үшін мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржы көлемін белгіледі, деп хабарлайды Alash.kz.

Бөлінетін қаражат мөлшері мәслихаттың деңгейіне қарай бірнеше санат бойынша үлестірілген. Мәселен, аудандық мәслихаттар депутаттығына үміткерлерге теледидар, радиодан сөз сөйлеу және екі мақала жариялау үшін 290 мың теңге, үгіт-насихат жұмыстары мен іс-шараларды ұйымдастыруға 130 мың теңге, ал жол шығындары үшін 80 мың теңге қарастырылған.

Ал қалалық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың шығындары өзгеше белгіленген: бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу мен екі мақала жариялауға 400 мың теңге, үгіт-насихат пен іс-шараларға 170 мың теңге, ал жол шығындарына 80 мың теңге бөлінеді.

Ең жоғары қаржылық қолдау Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттығына түсетін кандидаттарға бағытталады. Бұл деңгейдегі үміткерлердің теледидар мен радиода сөз сөйлеуі және екі басылымға мақала беруі үшін 410 мың теңге, үгіт-насихат пен түрлі іс-шаралар өткізуі үшін 180 мың теңге, ал сапарлық жол шығындары үшін 110 мың теңге көлемінде бюджеттік қаржы бөлінеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар