Қазақстан жастар құрамасы Душанбедегі Гран-приде екінші орын иеленді, деп хабарлайды Alash.kz.
Душанбеде дзюдодан жастар арасындағы Гран-при жарысы аяқталды. Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енген жастар арасындағы тұңғыш Гран-при жарысына 19 елден 277 жас татами шебері қатысты.
Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметінше, жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасының қоржыны екі қола жүлдемен толықты.
3 орын – Салтанат Ахметова (-78 кг)
3 орын – Шерхан Алпанов (+100 кг)
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жастар құрамасы 2 алтын, 3 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 19 команда ішінде екінші орынға тұрақтады.