Алматы қаласының Бостандық ауданында шамамен екі апта бұрын хабар-ошарсыз кеткен 42 жастағы Давид Лебанидзенің мәйіті табылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Мәліметтерге сәйкес, 1984 жылы туған қала тұрғыны 2026 жылдың 9 қазаны күні кешке Балбөбек көшесінде орналасқан үйінен шығып кетіп, содан кейін жақындарымен байланысын үзген.
Оны іздестіру жұмыстарына полиция өкілдерінен бөлек LIDER.KZ еріктілер қозғалысы да белсенді жұмылдырылды. Еріктілер қала тұрғындарынан көмек сұрап, жоғалған азаматтың сыртқы белгілері жазылған хабарландыруларды кеңінен таратты.
Өкінішке қарай, ауқымды іздестіру операциясы қайғылы жағдаймен аяқталды. Еріктілердің 25 қазанда таратқан ресми ақпаратына сүйенсек, хабар-ошарсыз кеткен ер адамның денесі 16 қазан күні табылған.