Қазақстандық балуан Исхар Курбаев Астанада өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.
ҰОҚ мәліметінше, 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде Үндістан өкілі Лалиттен басым түсіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.