Рафаэль Уразбахтин «Қайраттан» кетті, деп хабарлайды Alash.kz.
Футбол клубының мәліметінше, «Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кетуге шешім қабылдады. Клуб басшылығы оның шешімін қабылдап, өтінішін қанағаттандырды.
Рафаэль Радикович 2024 жылғы қыркүйекте негізгі команданың бас бапкері атанып, алғашқы маусымының қорытындысы бойынша сары-қараларды Қазақстан чемпионы атандырды.
2025 жылы оның жетекшілігімен «Қайрат» Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, чемпиондық атағын қорғады және клуб тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды. Ал 2026 жылғы маусымда команда УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіне шығып, Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
«Бас бапкердің міндетін бұған дейін «Қайрат-Жастарды» басқарған Жора Арутюнян атқарады. Оның жетекшілігімен команда «Алтайға» қарсы алдағы матчқа дайындалады.
«Қайрат» футбол клубы Рафаэль Радиковичке атқарған жұмысы, кәсібилігі, клуб тарихына қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы алғыс айтады. Алдағы мансабына сәттілік тілейміз!», – делінген клуб хабарламасында.