Әлеуметтік желілердегі оқырмандардың қызу талқысына түскен елімізге белгілі өнер иесі Төреғали Төреәлі көпшілікті тағы да ойландырып қойды, деп хабарлайды Alash.kz.
Танымал әнші бұл жолы Threads желісіндегі парақшасында өзінің жұмбақ әрі қысқа пікірін жариялаған. Оның бұл жазбасы лезде тарап, оқырмандар арасында әртүрлі пікірталас пен түрлі көзқарастардың туындауына түрткі болды.
Әлеуметтік желі оқырмандарын сан-саққа жүгірткен сол мәлімдемеде әнші тура мынадай сөздерді қалдырған болатын:
«Әйел шешінбей, мәселе шешілмейді».

Қазіргі таңда өнер иесінің бұл қысқаша ойы мен астарында қандай мағына жатқаны желі қолданушылары арасында белсенді түрде талқыланып жатыр.