Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Риясыз құттықтаулар мен жылы лебіздер үшін»: Президент Ұлттық мерекемізді құттықтаған шет мемлекеттер басшыларына алғыс айтты

11:13, 26 қазан 2026

Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

– Республика күніне орай жолдаған риясыз құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін барлық мемлекеттер және үкіметтер басшыларына, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын.

Егемен елімізге арнаған ізгі тілектеріңізді халқымыз ризашылықпен қабылдады, – деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар