Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жартылай жалаңаш күйде болған»: Стамбулда қазақ қызының қазасына қатысты жаңа деректер шықты

09:37, 26 қазан 2026

Түркияның Стамбул қаласында Қазақстанның 26 жастағы азаматы Айсұлу Бекмаханова биіктіктен құлап, қайғылы жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz ақпаратына сілтеме жасап.

Қаралы оқиға 2026 жылдың 25 қазанында таңғы сағат сегіз шамасында Шишли ауданына қарасты Эргенекон орамында орын алған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бойжеткен алтыншы қабаттағы пәтердің балконынан көрші ғимараттың шатырына өтіп, одан әрі шатырдың орталық бөлігіне қарай бағыт алған. Осы сәтте ол бос кеңістіктің үстіне орнатылған қалқаны (навес) басқан кезде құрылым шыдамай, отандасымыз ғимараттың минус екінші қабатына дейін құлап түскен. Ол алған ауыр жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Шақырту бойынша жеткен полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері бойжеткенді аман алып қала алмады. Тергеу барысында қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан азаматтың жартылай жалаңаш күйде болғаны белгілі болды. Оның не себепті мұндай күйде шатырға шыққаны әлі белгісіз. Қазіргі уақытта марқұмның мәйіті тиісті сараптамалар жүргізу үшін Сот медицинасы институтына жіберілді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Айсұлу Бекмаханова Түркияға 2026 жылдың қыркүйек айында визасыз режим ережелерімен келген. Болжам бойынша, ол Стамбулға Ресей азаматымен бірге келіп, онымен бір пәтерде тұрып жатқан. Қазіргі уақытта түрік полицейлері қазақстандық азаматтың өлімінің барлық мән-жайын, соның ішінде көрші шатырға өту себебін анықтау бойынша тергеу амалдарын жүргізуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар