Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Банктерге артық ақша төлемеңіз: Несиені мерзімінен ерте жапқан кезде нені ескеру қажет?

11:44, 26 қазан 2026

Қазақстанда азаматтар алған несиесін мерзімінен бұрын өтегені үшін банктерге немесе микроқаржы ұйымдарына айыппұл мен қосымша комиссия төлеуге міндетті емес, деп хабарлайды Alash.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, бұл ереже бұрын рәсімделген қарыздарға да қатысты және тиісті заңнамалық өзгерістер 2025 жылдың 31 тамызында күшіне енген. Осылайша, жеке тұлғалар банктен немесе микроқаржы ұйымынан алған несиесін кез келген уақытта айыппұлсыз толық немесе ішінара өтей алады. Мамандардың түсіндіруінше, егер азаматтың төлем мерзіміне екі жыл калса да, қалған соманы толық жабуға жеткілікті қаржысы болса, ол қарызды мерзімінен бұрын өтей алады. Мұндай жағдайда банк айыппұл талап ете алмайды, ал қарыз алушы тек негізгі берешек пен ақшаны нақты пайдаланған кезеңге есептелген пайыздарды гана төлейді.

Несиені ішінара өтеу де ай сайынғы төлемнен артық ақша салу арқылы негізгі қарызды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте азаматтар екі таңдаудың бірін жасай алады: несие мерзімін қысқарту немесе ай сайынғы төлем мөлшерін азайту. Бұрынғы соманы төлей отырып мерзімді қысқарту пайыздық артық төлемді көбірек үнемдеуге мүмкіндік берсе, төлем мөлшерін азайту ай сайынғы қаржылық жүктемені жеңілдетуді қалайтындарға қолайлы.

Дегенмен қаржы ұйымдары мерзімінен бұрын өтеудің өзіндік ішкі тәртібін белгілей алатындықтан, қосымша ақша аудармас бұрын оның негізгі қарызға бағытталатынын, төлем кестесінің қалай өзгеретінін және арнайы өтініш қажет пе екенін алдын ала нақтылап алған абзал. Сонымен қатар мамандар несиені толық жапқаннан кейін банктен берешектің жоқтығы туралы анықтама алуды, ал ипотека өтелген жағдайда жылжымайтын мүлікке қойылған кепілдік шектеудің алынғанын міндетті түрде тексеруді ескертеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар