Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алтайда әйелі қатты ашуланғаннан күйеуін өртеп жіберді

09:00, 28 мамыр 2025 332

Алтай тұрғыны күйеуін бензин мен мотор майының қоспасымен тұтандырып жіберді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Алтай өңірінде тұратын әйел күйеуін бензин мен бензопилаға арналған май қоспасымен күйдіріп жіберген.

SHOT басылымының мәліметінше, 40 жастағы Татьяна мен 36 жастағы Александрдың таныстығы әлеуметтік желіде басталған.

Екеуі Красногорское ауылында бірнеше жыл тату-тәтті өмір сүрген. Алайда жуырда тұрмыстық кикілжің туындап, жанжал соңы төбелеске ұласқан.

Александр әйеліне бірнеше рет қол көтерген. Бұған ашуланған Татьяна күйеуіне қарсы тұрып, шкафтан бензопилаға құйылатын бензин мен май қоспасын алып, оны күйеуінің үстіне шашып, от тұтатқышпен өртеп жіберген.

Александр отқа оранып, ауырсынғаннан айқайлай бастағанда, Татьяна есін жиып, құтқарушыларды шақырған.

Ер адам денесінің көптеген бөлігін күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Ал Татьяна полиция бөліміне жеткізілді. Оның алдыңғы некесінен екі баласы бар екені белгілі болды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар