Желіде 6-сыныпта оқитын қыздың белгісіз біреулердің ықпалымен мектепке балтамен барғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады Alash.KZ.
Оған мессенджердегі чат арқылы тапсырма берілген.
Полиция бұл оқиғаның болғанын растап, дер кезінде осы әрекеттің алдын алды. Тергеу басталды.
«Оқиғаның мән-жайы, соның ішінде жасөспірімді құқыққа қайшы әрекетке тартқандар анықталады», - дейді полицейлер.