Алматыда оқушы ұл ересек немере ағасы тарапынан жыныстық зорлыққа ұшырады деп айыптады. Жәбірленушінің полицияға шағымданған, алайда оның арызына ешкім назар да аудармаған, Alash.kz ұлттық порталы.
Orda.kz порталы бұл жағдай жайлы хабарлады. Белгілі құқық қорғаушы Айман Омарова сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған осы оқушы туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Жәбірленуші 19 ақпанда көмек сұраған. Себебі полицияға жүгіну нәтиже бермепті.
«Ұлды әкесі қайтыс болғаннан кейін әкесінің ағасы тәрбиелеу үшін анасынан сұрап алып кеткен. Болжам бойынша, әйел үш баланың анасы. Ол ұлды және оның 2 әпкесін түгел асырауға шамасы жетпеген. Бала 11 жаста болғанда ағасының ұлы оған жыныстық зорлық-зомбылық жасай бастапты. Бұл шамамен үш жылға созылған. Бала бұл туралы ешкімге айтпаған. Алайда ұл бала шыдай алмай, әпкесіне қашып кетіп, бар жағдайды баяндап берген», - дейді Айман Омарова.
Әпкесі інісімен бірге полицияға арыз жазу үшін барған. Бірақ оны қандай да бір себептермен қабылдамай қойған. Кейін полицияға ағасының туыстары келіп, балаға қысым көрсеткен.
Полиция департаменті ақпаратқа түсініктеме берді. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.
«Биылғы жылдың 19 ақпанында Жетісу ауданының полиция бөліміне інісіне қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша Алматы облысының тұрғыны өтініш білдірді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірімнің туысы полицияға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомство.
Полиция сотқа дейінгі тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалғанын айтты.