Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда жолаушылар мінген екі автобус соқтығысты

16:18, 20 қараша 2025 34

Алматыда екі автобус соқтығысты. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген фото мен видеолар тарады, деп хабарлайды Alash.kz порталы.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жайлы хабарлады. Апат бүгін сағат 12:40-та Медеу ауданында болған:

«69-маршруттың автобусының жүргізушісі Райымбек даңғылы бойымен шығысқа қарай жүру кезінде Назарбаев даңғылынан шығысырақ жерде аялдамада тұрған 208-маршруттың автобусына соқтығысқан. Оқиға салдарынан 69-маршрут автобусының жүргізушісі мен бір жолаушысы медициналық көмекке жүгінді», – деді полиция.

Апаттың мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар