Оқыс оқиға туралы ақпаратты Алматы қалалық Полиция департаменті растады, деп жазады Alash.KZ.
Қайғылы жағдай Абай станциясында болған.
Метрополитеннің баспасөз қызметі оқиға орнында дәрігерлер мен полицейлердің жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
«Метро қалыпты режимде жұмыс істейді, бірақ тергеу аяқталғанша Абай стансасына кіру уақытша жабық. Бұл бекетте пойыздар уақытша тоқтамайды», - деп ескертілді жолаушылар.
Оқиға салдарынан көзі нашар көретін 26 жастағы жігіт қаза тапты.