Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы облысында алты баланың әкесі 11 жастағы қызына азғындық жасаған

11:43, 13 қыркүйек 2024 401

Белгілі заңгер, ҚҚ "Human Rights Lawyers басшысы Ләззат Рақышева өзіне келген кезекті хатты бөлісті, - деп хабарлайды Alash.KZ Massaget.kz материалына сүйеніп.

Хатта шарасыз күйде отырған ананың жанайқайы жазылған.

 
 

"Арамызда 6 бала бар. Күйеуім Алматы облысында әскери полигонда жұмыс істеді. Былтыр 3 желтоқсанда күйеуміз екеуміздің арамызда түсініспеушілік болып, ол кетіп қалды. Осы ұрыс кезінде 11 жастағы қызым әкесінің бірнеше рет тиіскенін айтты. Мен нақтылап сұраған кезде бұрын мен жоқ кезде қызымның бетін көрпемен жауып, оның жыныстық мүшесін қолымен уқалағанын, сүйгені туралы айтты. Әкесі оның бетін жауып қойып, мүшесімен жыныстық мүшесіне тиісіп, артынан дәретханаға барып жуынады екен. Мұны ешкімге айтпау керегін және қызына әке ғана осындай массаж жасайтынын айтқан екен. Күндердің бір күнінде күйеуім қызды дәретханаға кіргізіп,  көзіңді жұмып, аузыңды аш деген. Оның айтқандарын істеп, аузын ашқан кезде мүшесін тыққанын айтты. Осыны естіген сәтте балаларымды алып, ауылыма қайтып кеттім. Оқиғаның бәрі жалға алып тұрған үйде болған. Енді мен анасы сіздерге көмекке жүгініп отырмын...", - деп жазды ол.

Заңгер бүгінде әділдік орнағанын жазған. Ер адам сотталып, 20 жылға бас бостандығынан айырылған. Енді оның аппеляциялық соты өтіп, бірінші сатыдағы сот үкімі өзгеріссіз қалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар