Танымал журналист Динара Сәтжан анасының ауруханаға түскені туралы айтты, – деп хабарлайды Alash.kz.
Ақмарал Сәтжан жолда тайып құлап, шынтағын жарақаттап алған.
“Анамыз – отбасымыздың қорғаны. Мен көз тиюге сенбеймін. Бірақ аналық күшке сенемін. Білемін, әулеттегі әйелдер барлық қиындықтан қорғап, қамқор бола алады. Кеше анам тайып кетіп, шынтағымен құлады. Нәтижесінде шынтақ өсіндісі сынған”, – деп жазды Динара.
24 ақпанда олар Стамбулға чек-апқа ұшуы керек болған.
“Алланың өз жоспары бар. Қазір хирургтар анама ота жасауда. Алла қаласа, бәрі сәтті өтеді”, – деп бөлісті журналист әлеуметтік желіде.