Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алланың дегені осы болды: Құрманай Бақтиярқызының өмірінің соңғы сәтінен түсірген видео пайда болды

12:51, 29 қазан 2024 8645

Марқұм Құрманай Бақтиярқызының соңғы ауыр халде түсірген видеосы пайда болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

“Бүгін тойға барамын деп едім, ауруханадан бір шықтым. Басым айналып, құлап қала беремін. Қан қысымым да төмен болып тұр. Алланың дегені осы болды. Тұсаукесерге барамын деп отыр едім. Жолдан макияж жасатамын деп едім. Ауырмайықшы! Тілекшілерім, мен үшін дұға жасаңыздаршы”, – деген соңғы сөзінде марқұм өнер иесі.

Мақпал Жүнісова да естелігімен бөлісті.


“Осыдан бір ай бұрын Алматыда тойда жолығып қалған едік. Бұл жалған дүниеде бәріміз қонақпыз. Бүгін бар да, ертең жоқпыз. Аңқылдаған ақжарқын Құрманайжан, қош бол деуге қимасам да, амал қанша?! Артыңда қалған ата-анаңа, ұл-қыздарыңа қайғырып көңіл айтамыз. Иманың саламат болсын! Алла панасына алсын!”, – деп жазды әнші. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар