Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алланың айтқаны болады. Денсаулығына байланысты концерті өтпейді: Төреғали Төреәлінің әкесі мәлімдеме жасады

16:41, 04 наурыз 2025 160

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің концерті өтпейтін болды. Бұл туралы  әкесі айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

«Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын!

Қасиетті Рамазан айында ұстап жатқан оразаларыңыз қабыл болсын!

Адам баласы бүгінгі, ертеңгі күндерінің кестесін Алламен келісімшартқа отырып қоя алмайтыны мәлім. Төреш баламыздың денсаулығына байланысты алдағы күндері жоспарланған концерттерді кейінге шегіндірдік. «Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады» деген. Алла шипасын беріп, тез сауығып, алдарыңызға жарқырап шығуын нәсіп етсін. Дұғада болыңыздар, жақсыларым. Бұлттың артынан күн шығары анық қой, ауырмаңыздар», - деп жазды продюсер әке.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар