Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Алименттен бас тартсаң, ұлыңды аласың” - Ақтаулық әйел баласын Ресейде ұстап отырған экс-күйеуі туралы бар шындықты айтты

16:35, 28 қыркүйек 2025 167

Ақтау тұрғыны Мария Мажитова бұрынғы күйеуін үш жасар ұлын қайтармай отыр деп айыптады. Әйелдің айтуынша, ер адам баланы Ресейге алып кеткен және алименттен бас тарту туралы құжатқа қол қоймайынша қайтармайтынын ашық білдірген, деп хабарлайды Alash.KZ.

Мария Мажитова сот шешімі бойынша бұрынғы жұбайынан алимент өндіруі тиіс болған. Қарыз көлемі екі миллион теңгеден асқанымен, іс жүзінде қаражат өндірілмеген. Жағдай ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін болған кезде ушыға түскен. Дәл сол кезде ұлды қайтару мәселесі тоқтап қалған. Баланы әкесі мен оның ата-анасы Краснодар өлкесінде сенімхат негізінде ұстап отырған.

Мария Мажитованың қолында бұрынғы күйеуінің жазбаша хабарламалары бар. 

Онда “Алименттен бас тартсаң, балаңды аласың” деген жолдар кездеседі. 

Әйел бұл әрекетті қысым ғана емес, бопса, әрі балаға қатысты сауда ретінде бағалайды. Ол өз сөзінде: 

“Маған заңмен бекітілген алиментке деген құқығым мен туған баламды қайтарып алу арасында таңдау жасауға тура келіп отыр” дейді.

Марияның айтуынша, қазіргі жұбайы отбасының күнкөрісін толық қамтамасыз етеді, балаларға қамқорлық жасап отыр. Ал бұрынғы күйеуі ұлды тек қысым құралы ретінде пайдаланып келеді.

Полиция мен прокуратураға жазған шағымдарынан нәтиже шықпағанын Мажитова жасырмайды. Оның сөзінше, құзырлы органдар “заңға қайшы әрекеттер табылмады” деп жауап берген.
Ол болса мұны түсіне алмайтынын айтады:

“Баланы қайтармай ұстап отыру мен шантажды қалайша заң бұзушылыққа жатқызбайды?” – дейді ол.

Отбасы әділдікке Ресей аумағында да қол жеткізуге тырысуда. Әйел Краснодар өлкесіндегі құқық қорғау органдарына арыз түсіргенін жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар