Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі өзгереді”: Министрлік жаңа өзгеріс туралы айтты

16:00, 06 қыркүйек 2026

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қолдаудың кейбір түрін тағайындау тәртібі өзгермек, деп хабарлайды Alash.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жаңа тәсілдің басты ұстанымы көмекті нақты мұқтаж жандарға бағыттау. Ең алдымен өмірлік қиын жағдайға тап болған, мемлекеттік қолдауды қажет ететін отбасыларға басымдық беріледі.

Әлеуметтік төлем тағайындау кезінде отбасының тұрмыс жағдайы да ескеріледі. Әл-ауқаты жоғары, өз мүмкіндігі жеткілікті «А» және «Б» санатындағы отбасыларға мұндай төлемдер қарастырылмайды.

Отбасының жағдайын дұрыс бағалау үшін оның кәмелетке толған барлық мүшесі туралы мәлімет қаралады. Осы арқылы отбасының жалпы тұрмыстық жағдайы есепке алынады.

Сонымен бірге табысы жоғары азаматтар әлеуметтік қолдаудың кейбір түрінен өз еркімен бас тарта алады. Нәтижесінде үнемделген қаражат көмекке мұқтаж азаматтарға бағытталмақ. 

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы қандай өзгерістер енгізіледі? Отбасының әлеуметтік қолдауға құқығы қалай анықталады? Бұл туралы толығырақ бейнероликтен біле аласыздар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар