Еуропа мен АҚШ арасындағы Гренландияның болашағына қатысты пікір қайшылығы Украинаға соғыстан кейінгі қалпына келтіру үшін 800 млрд доллар тартуды көздейтін «өркендеу жоспары» бойынша келісімді келісу және қол қою ісін тоқтатты, деп жазады Alash.KZ.
Бұл туралы The Financial Times басылымы 21 қаңтар күні алты дереккөзге сүйене отырып хабарлады. Басылымның мәліметінше, аталған жоспарды Швейцарияның Давос қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форум аясында жариялау көзделген.
Форум биыл 19-23 қаңтар аралығында өтуде. Осы алаңда АҚШ, Еуропа және Украина өкілдері жүргізген келіссөздердің қорытындысы бойынша құжатты келісіп, қол қою жоспарланған еді. Алайда қазіргі таңда бұл іс-шаралар кейінге шегерілген.
FT-дің дереккөзіне сүйенсек, қазіргі жағдайда ешкім АҚШ президенті Дональд Трамппен жасалатын келісімге байланысты ауқымды саяси шоу ұйымдастыруға ниетті емес.
«Қазір Гренландия төңірегіндегі тартыс пен Америка басшысының жариялаған «Бейбітшілік кеңесі» бастамасы Украинадағы соғысты реттеу мәселесін екінші орынға ысырып тастады», - деді басылым сұхбаттастарының бірі.