Америкалық актриса Анджелина Джоли ресми сапармен Мысырдың Эль-Ариш қаласына келіп, Рафах құрлықтағы шекаралық өткізу пунктінде болды. Сапар Газа секторындағы гуманитарлық жағдайға және палестин халқын қолдауға арналды, деп хабарлайды Alash.kz.
Джоли гуманитарлық көмекті жеткізу үдерісін, жүк қабылдау мен тарату нысандарын аралап, Эль-Ариш қаласындағы ауруханада жараланған палестиндіктердің қалай емделіп жатқанын көрді.
Рафах бақылау-өткізу пунктінде актрисаға гуманитарлық жүктерді кіргізу үдерісі мен көмекті үйлестіретін қызметтердің жұмысы таныстырылды. Сапар Газа секторындағы күрделі гуманитарлық ахуал жалғасып жатқан кезеңде өтті.