Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әкесі құлдықта, анасы тастап кеткен ақжүрек Бауыржанға халық үй алып берді (ВИДЕО)

14:41, 18 қараша 2024 921

Осыдан екі ай бұрын “Көреміз” ток-шоуына 14 жыл құлдықта болған әке келді. Ол 3 жасында ұлынан көз жазып қалған. Әйелі болса тастап кеткен. Студияда ата-анасын танымаған Бауыржан атты баласына “Харекет” қайырымдылық қоры үй табыстады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Не әріп, не сан танымайтын, 14 жыл құлдықта малдың соңында жүрген Әжімұрат Жанболатовқа “Көреміз” ток-шоуы 2 эфир арнаған еді. Баласын тауып берді. Әйелін іздестірді. Кейін халық баласының ақылды, еңбекқор боп өскенін көріп, “баспана алып берейікші” деп пікірлерін жаудырған.

Бұл туралы Руслан Өтепбай өз инстаграм парақшасында жазды.

Сүйінші ағайын! Қатал тағдырдың тепкісімен өскен бір қазаққа баспана бұйырды.  «14 жыл құлдықта болдым»,-деп «Көремізден» көмек сұрап келген Әжімұрат Жамболатов естеріңізде шығар. Өзі жалшыға айналғанда қаршадай баласынан көз жазып қалған. Тілшілеріміз талмай еңбектеніп, 13 жылдан соң жоғалған баланы да, безбүйрек ананы да тапты. Кәмелетке толғанша не әкенің жылуын, не ананың махаббатын көрмей өскен Бауыржанның тағдыр-тәлейі көрермендердің көңілін босатқан еді. “Жұрт болып жұмылып, Бауыржанға үй алып берейікші” деген ұсыныстар көп болса да, бізге “Харакеттің” ұсынысы ұнаған.  Күні кеше осы қайырымдылық қоры Тараз қаласынан үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Бауыржан енді  денсаулығынан айрылып, далада қалған әкесін қолына алып, жатақханадан зәулім үйге көшетін болды.  Көптің тілек-ниеті қабыл болды, “Харекет” қайырымдылық көрсетті, біздің де иығымыздан үлкен бір жүк түсті”,- деп жазды ол.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар