Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Айтбек Амангелді ұсынды: Алия Бутеева болған жағдайға байланысты тың ақпарат айтты

10:37, 07 сәуір 2025 290

Танымал актер Серік Шәріптің бұрынғы сүйіктісі болған жайттарға байланысты қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы ол өз инстаграм парақшасында жазды.

Мен қазір өзім туралы айтатын болсам, менің жазбам жарияланған алғашқы күндері-ақ Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді маған өз қоры арқылы жұмыс істейтін мамандардан психологиялық көмек ұсынды.

Мен бұл ұсынысты ой елегінен өткізіп, қабылдадым, себебі дәл қазір мен жантүршігерлік күйзелісте жүрмін. Бұл жағдайдан өз бетімше, кәсіби көмексіз еңсеру мүмкін емес. Маған нақты түрде абьюз құрбандарымен жұмыс істейтін мамандардың көмегі қажет.

Ертеңнен бастап мен Айтбектің волонтерлік желісі арқылы психологтың көмегін ала бастаймын. Өзімді қайта қалпына келтіру үшін жұмыс істейтін боламын.

Қазіргі таңда менің жанымда отбасым мен достарым бар. Олар менімен бірге – жұмыста да, үйде де.

Маған көмектесіп жатқан және көмектесуге дайын барлық жанға алғысым шексіз,” деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар