Белгілі театр актрисасы, әзілкеш Жұлдызай Дүйсенбиева әлеуметтік желідегі парақшасын өшірген соң өміріндегі орын алған өзгерістер туралы айтты, деп жазады Alash.kz.
Алла Тағала керек емес адамдардан тазалайды ғой. Біраз жақсы болып қалдым. Шын мәнінде, тек парақша үшін ғана керек адамдар өздері кетті. Ал, сол баяғыдан қасымда жүрген адамның бәрі жүретіндері жүр. Кететіні кетті. Оған бір қатты өкпе жоқ. Бірақ, енді кейде болып қалады. Адамбыз ғой. Қазір «Жан» деген театрға жұмысқа келдім. Балалар айтты: «Апай, сіз біраз белгілі адамдарды танисыз ғой. Жарнама ретінде спектакльді салып берсінші!» деді. Сосын, оқырманы өте көп бір жанға қоңырау шалдым. Бұрын-соңды өзім салып беріп жүрдім ғой олардың бәріне. Содан «Жарайды. Жәкем, Жұлдызайым» деп алды да, салдым деп скрин жіберді маған. Балалар «Иә, салыпты» деді. Бір уақытта балалар келіп, «15 минуттан кейін өшіріп тастап, өзінің басқа жарнамасын салып қойыпты» дейді. Одан да «Салмаймын!» деп айтса, көңілім қалмас еді. Салып, өшіріп тастағаны ыңғайсыз болды.