Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Аяқталды…»: Басы дауға қалған рэпердің ісі бойынша ел естімеген дерек шықты

10:44, 10 мамыр 2026

Желіде қызу талқыланған репер De Lacure-дің басынан өткен оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары жүргізген тексеру жұмыстары аяқталды, деп жазады Alash.kz. 

Артист «Мне стыдно» бағдарламасында 2012 жылғы оқиғаны баяндап, көпшіліктің сынына ұшыраған болатын. Алайда полиция қылмыстық құқық бұзушылық дерегін растайтын дәлелдердің жоқтығына байланысты істі тоқтатты.

Тәртіп сақшылары артистің өз көрсетулері мен жиналған материалдарды зерделей келе, айтылған сөздердің қоғамда басқаша қабылданғанын анықтады. Тексеріс барысында ешқандай зорлық-зомбылық белгілері мен қылмыс құрамы табылмаған. Осыған байланысты реперге қатысты басталған іс ресми түрде жабылды.

Полиция департаменті аталған жағдайға қатысты мынадай ресми мәлімдеме жасады:

«Тексеру барысында артист өзі баяндаған хикаяның әлеуметтік желілерде бұрмаланып түсіндірілгенін, ал оның айтуынша, зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактілері орын алмағанын хабарлады. Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын объективті деректер анықталған жоқ».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар