Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әділетсіз емес пе?": Жалақысы 850 мыңнан асатындар МӘМС-ке толық айлықтан төлемейді

16:45, 23 тамыз 2024 952

Брифингте БАҚ өкілі қор басшысынан "МӘМС-ке аударылатын жарна қарапайым азаматтардың табысының 2 пайызынан алынады деп хабарлайды Alash.kz. Baq.kz қа сілтеме жасап. Бірақ бұл талап айлығы 850 мың теңгеден асатын адамдарға жүрмейді. Өйткені 850 мың теңгеден артылған сомадан МӘМС жарнасы алынбайды. Біз еңбек өтілі жоғары министрлер мен әкімдердің 1,2 млн теңгеге дейін айлық алатынын білеміз. Яғни, олар МӘМС жарнасына осы 1,2 млн теңгенің 2 пайызын емес, 850 мың теңгенің 2 пайызын ғана төлейді. Бұл әділетсіз деп ойламайсыз ба?" деп сұрады.

Ол жауапты мемлекеттік органдар Денсаулық сақтау министрлігі ұсынып отырған жаңа өзгерісті мақұлдау керектігін жеткізді.

Ол рас, МӘМС жарнасы азаматтың айлығы 850 мың теңгеден асса, оның үстінен төленбейді. Жалпы қазір Денсаулық сақтау министрлігінде осы мәселе қарастырылып жатыр. Министрлік тарапынан ұсыныс бар. Біздің қор да өз есептерін берді. Болашақта басқа мемлекеттік органдар қолдайтын болса, заңдық бастама ретінде ұсыныс енгізілетін болады, - деді Сқақов.

Бұл ұсыныс 850 мың теңгелік шекті 4,5 млн теңгеге дейін көтеруді көздейді.

Қазір шекті мөлшер 10 минималдық айлық болса, соны 50 минималдық айлыққа дейін көтеру ұсынылып отыр. Яғни 850 мың теңгеден 4,5 млн теңгеге дейін көтеру мәселесі қарастырылып жатыр, - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар